Грек-рим күресі

Грек-рим күресінен Азия чемпионатында Қазақстан жалпы есепте 1-орын алды

Грек-рим күресінен Азия чемпионатында Қазақстан жалпы есепте 1-орын алды
news-banner7
mobile-news-top

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында ел құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Құрлықтық додаға барлығы 11 елден балуандар жиналды. Олардың арасынан қазақстандық балуандар 4 алтын, 5 күміс жүлде алды.

Ел құрамасынан Азамат Құрман (60 келі), Елдос Қамелов (72 келі), Сайлау Мақсат (87 келі) және Ислам Ұмаев (97 келі) жеңімпаз тұғырынан көрінді.

Ал Ербол Қамалиев (55 келі), Асаухат Мұхамадиев (63 келі), Сырым Сәрсен (67 келі), Ислам Евлоев (82 келі) және Джохар Узаров (130 келі) күміс жүлдегер атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер