Еуро-2024: Қазақстан құрамасы сырт алаңда Сан-Мариноны жеңді
![Еуро-2024: Қазақстан құрамасы сырт алаңда Сан-Мариноны жеңді](https://prosports.kz/upload/news/content//202306/201736_67ec04b58cb06737bdf37760106ff615.jpg?v=28703079)
Пармада 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Сан-Марино мен Қазақстан құрамасы кездесеті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл ойында біздің құрама 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Матчтағы есепті 37-минутта қорғаушы Ян Вороговский ашты. Екінші голды 64-минутта пенальтиден Асхат Тағыберген соқты. Ал ойын нүктесін Бактиер Зайнутдинов қойды.
Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 19 маусымнан 20 маусымға қараған түні Белфастта Солтүстік Ирландия құрамасына қарсы өткізеді.
Сан-Марино – Қазақстан – 0:3 (0:1)
Гол соққандар: Вороговский 37 (0:1), Тагыберген 64 пен. (0:2), Зайнутдинов 90+4 (0:3)
2023 жылғы 17 маусым, 00:45. Италия, Парма, «Эннио Тардини» стадионы