русский язык
ММА

«Қазақстан мықтырақ, бірақ біз қарқын алып жатырмыз». Өзбек файтері – екі елдің ММА-дегі бәсекелестігі, UFC чемпионымен танысуы туралы

«Қазақстан мықтырақ, бірақ біз қарқын алып жатырмыз». Өзбек файтері – екі елдің ММА-дегі бәсекелестігі, UFC чемпионымен танысуы туралы

Алдағы OCTAGON 46 турнирінде жанкүйерлерді Өзбекстан мен Қазақстан файтерлері қатысатын тартысты жекпе-жек күтіп тұр.

Кәсіпқой карьерасында жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Әлішер Ғазиз (3-0) өзбекстандық проспект Сухроббек Атажановпен (4-1) кездеседі.

Жекпе-жек қарсаңында Prosports.kz тілшісі оның басты кейіпкерлерінің бірімен сұхбаттасуды жөн көріп, Атажановтан екі елдің ММА-дағы жасырын бақталастығы, оның UFC-дегі Алджамэйн Стерлинг және Петр Янмен бірлескен жаттығулары туралы сұрады.

– Сухроббек, 24 маусымда жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Әлішер Ғазизбен жекпе-жек өткізесіз. Қарсылас туралы пікіріңіз қандай және ол туралы не білесіз?

– Жекпе-жекке нақты жоспар бар. Оның кемшіліктері де, басымдықтары да бар. Жекпе-жектің кез келген бағытына дайынмын.

Сіз Амирхон Атахановтан жеңіліп қалдыңыз. Әлі жеңілмеген тағы бір спортшымен жекпе-жекке шығу тым қауіпті емес пе?

– Амирхонның жеңілісі бар, біздің Fight Baza командасының файтеріне жол берген. Мен жекпе-жекті қысқа мерзімде қабылдадым және жеңетініме сенімді болдым, бірақ жекпе-жектің аты жекпе-жек, ​​бәрі жоспардағыдай өтпеуі мүмкін. Қазір реваншты жеңіске жететініме сенімдімін.

– Өзбекстан әдетте боксшыларымен танымал. Қазір жастар арасында ММА боксқа бәсекелес болып жүр ме?

– ММА бұрынғы боксқа қарағанда жылдам қарқын алып келеді, сондықтан ММА-ді таңдайтын жастар саны артып келеді. Басты артықшылықтардың бірі – бұл спорт түрін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрсету. Бірақ бокс – тамаша спорт және әрқашан сұранысқа ие болады.

– Қазақстан мен Өзбекстан әдетте бокстағы жетістіктері бойынша бір-бірімен жарысады. Аралас жекпе-жек түрін алсақ, сіздің ойыңызша қазір қай ел мықты?

– Қазақстан қазір мықтырақ, себебі біздің елде ММА 2020 жылда ғана заңдастырылды, бірақ қатты қарқын алып жатырмыз!

– Әлеуметтік желіде UFC чемпионы Алджамэйн Стерлингпен және Мераб Двалишвилимен түскен суретіңізді жарияладыңыз. Бұл суретке қай кезде түсіп едіңіздер?

– Мен жаттығып жатқан Дубайдағы залға Алджамэйн Стерлинг келді. Ол жаттығуға көмектесейін бе деп ұсынды. Осылай бір-бірімізбен таныстық. Стерлингтен арқаны бақылауды үйрендім, онда ол бірнеше айланыы көрсетті.

– Бірлескен жаттығу кезінде әлемнің ең үздік лигасының белді файтерлерінен тағы қандай әдістер үйрене алдыңыз?

– Таиландта мен Петр Янмен жұмыс істедім. Өздеріңіз білетіндей, оның соққылары жойқын. Одан соққы техникасын үйрендім.

- Сіздің тағы бір UFC файтері Леон Эдвардспен түскен суретіңіз бар. Жартылай орта салмақтағы жаңа чемпионмен қаншалықты жақын таныстыңыз? Ол сізге қандай кеңес берді?

– Эдвардспен дұрыстап сөйлесе алмадық, өйткені залда онымен суретке түсіп, сөйлескісі келгендер көп болды.

– Жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың Эдвардспен ықтимал жекпе-жектегі мүмкіндігі туралы не айтасыз?

– Мүмкіндігі бар деп ойлаймын. Әрине, Шавкат Рахмоновқа жанкүйер боламын.

UFC алыста емес деп айттыңыз. ММА-дегі атақты промоушенге қалай ауыспақ ойда бар?

– Қазір менің мақсатым - OCTAGON лигасында чемпион болу. Келесі жаңа мақсат болады, сол мені UFC-ге апарады.

OCTAGON-нан америкалық ұйымға ауысқан сәттер бар. Осындай жолды қарастырасыз ба?

– Бәрі солай болса, тек қуаныштымын.

Фото: OCTAGON, Сухроббек Атажановтың жеке мұрағатынан

Алдағы ивентке билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 46 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;