Игорь Стасевичтің голы мамыр айында үздік деп танылды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2023 жылғы мамыр айының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама ұйымдастырды.
Сауалнамаға қатысушылардың таңдауына өткен айда OLIMPBET-Чемпионаты мен OLIMPBET-Кубок ойындарының аясында соғылған үздік тоғыз гол ұсынылды.
Сауалнама қорытындысы бойынша «Атырау» футбол клубының жартылай қорғаушысы Игорь Стасевичтің OLIMPBET-Чемпионатының 10-турында «Жетісу» қақпасына соғылған голы мамыр айының үздігі болып танылды. Аталмыш нәтижелі соққы үшін респонденттердің 27,74 % дауыс берді.