Ауыр атлетика

Қазақстандық әлем чемпионы допинг дауына ұшырады

Қазақстандық әлем чемпионы допинг дауына ұшырады
news-banner7
mobile-news-top

Жастар арасындағы әлем чемпионы Артем Антропов Азия чемпионатында күміс алған соң уақытша жарыстан шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты «Спорт Шредингер» арнасына сілтеме жасап.

Оның сынамасынан SARMS-23 анаболикалық стероидінің ізі табылды – бұл бұлшықет пен сүйекке көмектеседі. Егер кінәсі дәлелденсе, спортшы дисквалификацияға ұшырайды.

23 жастағы Антропов 2017 жылғы әлем чемпионы, 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері, 2023 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, кейінгі екі әлем чемпионатына қатысқан (2021 жылы төртінші орын, 2022 жыл алтыншы орын алды).

Париж Олимпиадасына лицензия алу мүмкіндігін арттыру үшін Антропов әртүрлі салмақта өнер көрсетті - 96, 102 және 109 келі. 2023 жылғы Азия чемпионатында ол мансабындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізіп, 109 келі салмақта 399 келі көтерді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер