Қазақстан құрамасының футболшысы трансферлік құны бойынша жаңа рекорд орнатты
![Қазақстан құрамасының футболшысы трансферлік құны бойынша жаңа рекорд орнатты](https://prosports.kz/upload/news/content//202306/203991_963217fd9bebf039661f24f5fd9b4c12.jpg?v=28668090)
Беделді Transfermarkt порталы футболшылардың трансферлік құнын жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жаңартылғаннан кейін Қазақстан құрамасының және мәскеулік ЦСКА-ның футболшысы - Бактиер Зайнутдинов 1 миллион еуроға қымбаттады. Оның бағасы, порталдың мәліметінше, 5-тен 6 миллионға дейін өсті, бұл қазақстандық ойыншылар арасындағы рекордтық көрсеткіш.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Зайнутдинов Қазақстан құрамасы сапында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Сан-Марино және Солтүстік Ирландия құрамаларына қарсы матчтарға дайындалып жатыр.