русский язык
ММА

«Кино сегізторға қарағанда әлдеқайда қиын». ММА туралы алғашқы қазақстандық сериалдың басты актері түсірілім, танымалдылық пен UFC туралы

«Кино сегізторға қарағанда әлдеқайда қиын». ММА туралы алғашқы қазақстандық сериалдың басты актері түсірілім, танымалдылық пен UFC туралы

Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасының алдағы OCTAGON 46 турнирінде ММА туралы тұңғыш қазақстандық сериалдың басты рөліндегі актер Арнұр Қабдолдаев кезекті кездесуін өткізеді.

Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында танымал актер қырғызстандық поп-ММА жұлдызы Эльчибек Абдубалиевпен кездесуі, ​​кино мен сегізтордағы жекпе-жектердің айырмашылығы, сонымен қатар танымалдылығының артуы туралы айтты.

– Арнұр, 24 маусымда сегізторға ораласыз. Эльчибек Абдубалиевке қарсы жекпе-жекті қалай қабылдайсыз?

– Біз кез келген қарсыласқа тыңғылықты дайындаламыз, ал сегізтор бәрін көрсетеді.

– Лигадағы кейінгі екі жекпе-жегіңіз мерзімінен бұрын бірінші раундта аяқталды. Жанкүйерлер үшінші жекпе-жектен не күтуі керек?

– Бұл жекпе-жек те солай өтеді деп үміттенемін, бірақ мен үш раундта да жұдырықтасуға дайынмын.

– Сіз аралас жекпе-жекке арналған қазақстандық алғашқы сериалда басты рольді сомдайсыз. Осындай үлкен жобаның бір бөлігі болу сіз үшін нені білдіреді?

– Бұл мүмкіндік үшін UNDERDOG-қа рахмет. Маған артылған үмітті ақтау мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік!

– Сегізтордағы және кинодағы жекпе-жектің қандай айырмашылығы мен ұқсастығы бар?

– Маған жекпе-жекке шығу оңайырақ – дайындалып, сегізторға шағамын. Кинода бәрі әлдеқайда күрделі: режим бұзылады, сценарий жаттайсың, рольге кіресің және т.б.

– Сериалдың премьерасы әлі өтпеді, көрермендер оны қалай қабылдайды деп ойлайсыз?

– Бұл басқа деңгейдегі сериал. Көрермендер өмірдің қадірін түсінеді. Менің кейіпкерім спортпен шұғылданатын жас жігіттерге мотивация болады.

– Болашақта киноға түсуді жалғастыру ойыңызда бар ма және қазір ұсыныстар түсті ме?

– Иә, әрине жалғастырамын. Бұған дейін мен фильмдер мен сериалдарда ойнадым, бірақ бұл сериал мен үшін үлкен жоба болды. Ұсыныстар бар, бірақ мен бас тарттым, өйткені жекпе-жекке дайындалуым керек.

– Кәсіпқой карьерасыңыздың басталуы, сонымен қатар сериалдағы түсірілім сіздің танымалдылығыңызды жаңа деңгейге көтергені сөзсіз. Сіз оны сезе алдыңыз ба және ол, ең алдымен, қалай көрінеді?

- ММА мен үшін барлығына трамплин болды. Жекпе-жектерден кейін жарнамаға қатысты түрлі ұсыныстар түсіп, парақшамдағы статистика көбейіп, әлеуметтік желілерде жаңа адамдар қосылды. Содан кейін OCTAGON сериалына түсуге ұсыныс келді.

– ММА-де сіз TriumphFights клубында белгілі қазақстандық маман Дәнеш Дүнгебаевтың жетекшілігімен жаттығасыз. ММА-дегі ең мықты отандық бапкерлердің бірімен жұмыс туралы не айта аласыз?

– Дәнеш Дүнгенбаев – тірі аңыз! Мен оның жетекшілігімен жаттығуды мақтан тұтамын. Ол өз саласының үздігі және кез келген файтерді, мейлі ол тәжірибелі файтер болсын, мейлі жаңадан бастаған болсын, қалай дайындау керегін біледі. Triumph Fights залындағы жігіттер мені бірден қабылдады.

– Дәнеш Дүңгебаевтың шәкірті мен сіздің командаласыңыз Азат Мақсұм жақында UFC-де дебютін өткізеді. Сіз кәсіби карьераңызда қандай да бір жаһандық мақсаттар қоясыз ба?

– Азатқа сәттілік және жеңіл жеңіс тілеймін. Алға қойған мақсаттарыма келсек, әрине, иә! Мен басында айтқанымдай – бұл енді менің жұмысым. Барлығы UFC-ге барғысы келеді.

– Азат Мақсұм, Дамир Төленов, Бекзат Алмахан, Нұржан Ақышев сынды файтерлермен бірлескен жаттығулар сізге қандай әсер етеді?

– Мұндай файтерлермен тез өсесің. Оларға барлығы үшін рақмет, өйткені олар мені үнемі қолдап, жаттықтырады. Тәжірибесін бөліседі - қалай дұрыс ұру керек, салмақты қалай қуу керек, режимді қалай сақтау керек және т.б.

Фото: OCTAGON

Алдағы ивентке билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 46 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;