Қазақстан құрамасы Еуро-2024 матчы үшін Италияға жетті
![Қазақстан құрамасы Еуро-2024 матчы үшін Италияға жетті](https://prosports.kz/upload/news/content//202306/203991_6f929ec074adc6d8407c0bcbf2e9ae99.jpg?v=28667917)
Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу турниріне қатысу үшін Болонья қаласына (Италия) келді, деп хабарлайды Prosports.kz.
17 маусымға қараған түні Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында Италияның Парма қаласында Сан-Мариномен ойнайды. Ойын Эннио Тардини стадионында өтеді және Астана уақытымен 00:45-те басталады.
Үш күннен кейін Магомед Адиевтің шәкірттері Белфасттағы Виндзор Парк стадионында Солтүстік Ирландия құрамасымен кездеседі. Матчтың басталуы уақыты 00:45.