Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы FIFA рейтингінде екі сатыға жоғарылады
![Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы FIFA рейтингінде екі сатыға жоғарылады](https://prosports.kz/upload/news/content//202306/201131_d42dbb65ef3cf3fd0fcea8dfaae1d23.jpg?v=28666691)
Халықаралық футбол федерациясының ресми сайты әйелдер құрамасының жаңартылған рейтингін жариялады.
Қазақстан әйелдер құрамасы жаңартылған рейтингте екі сатыға жоғарылады. Олар бұдан бұрын 101-орында тұрған еді.
Енді 99-орынға көтеріліп, 1205.62 ұпайды еншіледі.
Бұл көрсеткіші бойынша рейтингте Эстония(98-орын, 1211.02 ұпай) және Фарер аралдары (100-орын, 1201.16 ұпай) қатар тұр.
Рейтингтің көш басында АҚШ әйелдер құрамасының еншісінде 2090.03 ұпай бар.