русский язык
ММА

UFC 289 турниріне қатысқан файтерлер қанша гонорар алғаны белгілі болды

UFC 289 турниріне қатысқан файтерлер қанша гонорар алғаны белгілі болды

11 маусымда Ванкуверде (Канада) өткен UFC 289 турнирінде өнер көрсеткен файтерлердің гонорары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде Аманда Нуньес пен Ирен Альдана кездесті. Нунес 1 250 000 доллар (100 000 доллар жеңіске жеткені үшін бонус), Альдана 450 000 доллар табыс тапты.

Негізгі жекпе-жекте Чарльз Оливейра 1 400 000 доллар табыс тапты. Оның қарсыласы Бенеил Дариуш – 540 мың доллар.

Айта кетейік, Аманда Нуньес төрешілер шешімімен жеңіске жетті, содан кейін ол мансабын аяқтағанын жариялады.

Оливейра Дариушты бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді, енді ол титул үшін жекпе-жекке шығады.

Фото: телеграм-канал Main Card

Фото: телеграм-канал Main Card

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;