русский язык
Әлем футболы

Италиялық командалар 12 күн ішінде қатарынан 4 ірі турнирдің финалында жеңіліп қалды

Италиялық командалар 12 күн ішінде қатарынан 4 ірі турнирдің финалында жеңіліп қалды
news-banner7
mobile-news-top

Ла-Платада (Аргентина) футболдан жастар арасындағы әлем чемпионатының финалы аясында Уругвай мен Италия кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 1:0 есебімен Уругвай құрамасының пайдасына аяқталды.

Осылайша италиялық командалар қатарынан төрт финалды жеңіліп қалды.

31 мамырда Еуропа лигасының финалында «Рома» «Севильядан» (1:1, пенальтиден - 1:4) жеңілді, 7 маусымда «Фиорентина» Конференция лигасының финалында «Вест Хэмге» (1:2) жол берген, ал 10 маусымда «Интер» Чемпиондар лигасының финалында «Манчестер Ситиден» (0:1) жеңіліп қалған еді.

Айта кетейік, 15 маусымда Италия құрамасы Ұлттар лигасының жартылай финалында Испаниямен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;