русский язык
Велоспорт

«Астана» шабандозы «Критериум Дофине» жарысын 35-орынмен аяқтады

«Астана» шабандозы «Критериум Дофине» жарысын 35-орынмен аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін «Критериум Дофине» көпкүндігінің соңғы кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кезеңде Джулио Чикконе (Trek - Segafredo) топ жарды.

«Астана» сапынан Давид Де ла Крус үздік нәтиже көрсетті, ол 33-орын алды. Ал жалпы есепте 35-сатыға тұрақтады.

Критериум Дофине. Сегізінші кезең. Ле Пон-де-Кле - Бастилия – Метрополь Гренобль-Альпы (152,8 км)

1. Джулио Чикконе (Trek - Segafredo) - 4:06:04
2. Йонас Вингегор (Jumbo-Visma) +0:23
3. Адам Йейтс (UAE Team Emirates) +0:33
...33. Давид Де ла Крус («Астана») +10:20

Жалпы есеп

1. Йонас Вингегор (Jumbo-Visma) - 29:28:39
2. Адам Йейтс (UAE Team Emirates) +2:23
3. Бен О’Коннор (AG2R Citroën Team) +2:56
...35. Давид Де ла Крус («Астана») +34:39

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;