«Астана» Батыс Азия суперлигасында ирандық команданы жеңді
![«Астана» Батыс Азия суперлигасында ирандық команданы жеңді](https://prosports.kz/upload/news/content//202306/201736_add8dcf9bb6edb7efbdfb4ff3b41b142.jpg?v=28662251)
«Астана» баскетбол клубы клубтар арасындағы жаңа халықаралық жарыс – Батыс Азия суперлигасында (WASL) екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Топтық кезеңдегі екінші ойында қазақстандық клуб «Шахрдари Горган» (Иран) командасын 87:81 есебімен жеңді.
«Астана» алғашқы ойында «Шабаб Аль-Ахли» (БАӘ) командасын 80:73 есебімен жеңген.
«Астана» топтық кездеңде «Шабаб Аль-Ахли» (ОАЭ), «Кувейт СЦ», «Шахрдари Горган» (Иран) командаларымен кездеседі.
Батыс Азия Суперлигасы. Топтық кезең.
«Шахрдари Горган» — «Астана» 81:87 (19:26, 20:15, 26:27, 16:19)
Айта кетейік, 8 команда әрқайсысы төрт командадан екі топқа бөлінген. Әр топтан үздік екі команда жартылай финалға шығады.