«Астана» Батыс Азия суперлигасын жеңіспен бастады
![«Астана» Батыс Азия суперлигасын жеңіспен бастады](https://prosports.kz/upload/news/content//202306/201736_d330c634984a4b48f57d9e200aa42fbb.jpg?v=28665041)
«Астана» баскетбол клубы клубтар арасындағы жаңа халықаралық жарыс – Батыс Азия суперлигасында (WASL) алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Топтық кезеңдегі алғашқы ойында қазақстандық клуб «Шабаб Аль-Ахли» (БАӘ) командасын 80:73 есебімен жеңді.
«Астана» топтық кездеңде «Шабаб Аль-Ахли» (ОАЭ), «Кувейт СЦ», «Шахрдари Горган» (Иран) командаларымен кездеседі.
Батыс Азия Суперлигасы. Топтық кезең.
«Астана» — «Шабаб Аль-Ахли» 80:73 (24:16, 28:20, 12:17, 19:20).
Айта кетейік, 8 команда әрқайсысы төрт командадан екі топқа бөлінген. Әр топтан үздік екі команда жартылай финалға шығады.