Аружан Сағындықова Таиландтағы турнирдің ширек финалына өтті
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық Аружан Сағындықова Таиландта өтіп жатқан ITF World Tennis Tour W15 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүниежүзілік рейтингте 1162-орында тұрған 18 жастағы қазақстандық теннисші екі кездесуін сәтті өткізді.
Аружан алдымен рейтингте 1075-сатыдағы Гонконг өкілі Мэн Инг Мэгги Нгті 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді.