русский язык
Бокс

Қазақстандық боксшы Германиядағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді

Қазақстандық боксшы Германиядағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді

3 маусымда Эбербах қаласында (Германия) кәсіпқой бокс кеші өтеді, онда қазақстандық Виктор Темиров (3-0, 3 КО) кәсіпқой рингтегі төртінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін 22 жастағы отандасымыз жеңіліп көрмеген 28 жастағы угандалық Музамир Какандемен (4-0, 2 КО) кездеседі. Жекпе-жек алты раундтан тұрады.

Жекпе-жек алдында қарсыластар салмақ өлшеп, көз түйістірді.

Айта кетейік, Виктор Темиров алдыңғы жекпе-жегін биыл 4 ақпанда Ванген-им-Алльгоеде (Германия) өткізді, онда босниялық Милош Яньянинді (16-40, 13 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;