Жеңіл атлетика

Қазақстандық гимнастшылар Филиппиндегі Азия чемпионатында жүлдегер атанды

Қазақстандық гимнастшылар Филиппиндегі Азия чемпионатында жүлдегер атанды
news-banner7
mobile-news-top

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Филиппин астанасы Манилада өтіп жатқан Азия чемпионатында еліміздің көркем гимнастары тағы бір қола медаль еншіледі.

5 шығыршық жаттығуының топтық бәсекесінде құрамында Айдана Шаяхметова, Әсел Шүкірбай, Аяулым Кәдір, Аружан Касенова, Аружан Қалсаева және Ақсұңқар Әбдірахман өнер көрсеткен командамыз үздік үштікті түйіндеді.

Ертең құрлық біріншілігінде 3+2 жаттығуының жекелей және топтық финалдары өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер