Хоккей

Михайлис «Металлургте» қанша жалақы алатыны белгілі болды

Михайлис «Металлургте» қанша жалақы алатыны белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Metaratings.ru сайтының мәліметінше, шабуылшы Никита Михайлис «Металлургте» бір маусымда шамамен 55 млн рубль жалақы алады, деп хабарлайды Prosports.kz.

30 мамырда Михайлис ресейлік клубтың ойыншысы атанды. Ол жаңа командасына еркін агент ретінде ауысып, бір жылдық келісімшартқа қол қойды.

Михайлис бүкіл мансабында «Барыс» сапында өнер көрсетті. 2014/15 жылғы маусымда дебют жасаған. 27 жастағы хоккейші ҚХЛ-да жалпы 411 кездесуге қатысып, 221 (99+122) ұпай жинаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер