Қазақстан құрамасы Әлем Кубогының жеңімпазы атанды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызРуслан Курбанов, Эльмир Əлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертайдан жасақталған Ұлттық құрама 1/32 кезеңде Колумбияны 45-41 есебімен ұтқан. Осыдан кейін Италия құрамасынан басым түсіп, үздік сегіздікке кірді. Есеп: 45-31. Ширек финалдағы тартысты айқаста отандастарымыз Аргентинадан жеңісті жұлып əкетті. Есеп: 45-44.
Ал жартылай финалда Ұлттық құрама испаниялық семсерлесушілерді сенімді жеңді (45-32).
Жалпы бұл кезеңде 45 елден 350-ге тарта семсерлесуші бақ сынады.