OCTAGON формасын алғыңыз келе ме? Онда конкурсқа қатысыңыз!
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызЕуразиялық OCTAGON промоушены лига формасының екі жинағына ұтыс ойынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
«OCTAGON 45 турнирі қарсаңында – OCTAGON ФОРМАСЫН Ұтып ал! Бұл жолы бір емес, екі форма болады», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 27 мамырда Алматыдағы «Балуан Шолақ» спорт сарайында OCTAGON 45 турнирі өтеді, кештің басты кездесуінде «Қазақ седзюдосы» Дамир Төленов (9-0) ең жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін үшінші рет қорғайды. Қарсыласы қырғыз файтері Алманбет Абдывасы уулу (11-6) болады.
Кештің негізгі жекпе-жегі – жартылай ауыр салмақтағы OCTAGON чемпионы Карим Рузбакиев (9-1) пен ММА-поп жұлдызы Даниял «Т-34» Эльбаев (9-5) арасында өтеді.