«Атырау» Қазақстан чемпионатындағы 700-голын соқты
![«Атырау» Қазақстан чемпионатындағы 700-голын соқты](https://prosports.kz/upload/news/content//202305/201736_6cbbf9e7cfd60a092ace824b44da6e5c.jpg?v=28656827)
Нигериялық шабуылшы Нсунгуси Эффионгтың сырт алаңда талдықорғандық «Жетісу» қақпасына соққан голы «Атыраудың» Қазақстан чемпионатындағы 700-голы болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Эффионгтың голынан кейін есеп 2:0 болды. Ал жалпы есепте атыраулық команда сырт алаңда 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Талдықорғандағы жеңістің арқасында «Атырау» 17 ұпай жинап, Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде алтыншы орынға жайғасты.