русский язык
Теннис

Голубев Туриндегі «Челленджердің» жұптық сынында финалға шықты

Голубев Туриндегі «Челленджердің» жұптық сынында финалға шықты

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев украиналық Денис Молчановпен жұптасып, Туринде (Италия) өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда Голубев пен Молчанов уругвайлық Ариэль Беар мен чехиялық Адам Павлашекті жеңді.

Матч 1 сағат 23 минутқа созылды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстандық теннисші Александр Недовесов сербиялық Никола Чачичпен жұптасып жартылай финалда жеңіліп қалған болатын.

Осылайша, Голубев бүгін «Челленджердің» финалында америкалық Натаниэль Лэммонс пен Жаңа Зеландия спортшысы Джон Пирспен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;