русский язык
Теннис

«Ролан Гаррос» турнирі 2004 жылдан бері алғаш рет Рафаэль Надальсыз өтеді

«Ролан Гаррос» турнирі 2004 жылдан бері алғаш рет Рафаэль Надальсыз өтеді

Ролан Гаррос турнирі 2004 жылдан бері алғаш рет әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің 22 дүркін чемпионы, испаниялық Рафаэль Надальсыз өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгін 36 жастағы Рафаэль Надаль биылғы Ролан Гаррос жарысына қатыспайтынын мәлімдеді.

Биылғы Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымында 18 қаңтар күні америкалық Маккензи Макдональдпен өткен матчта жарақат алған Надаль әлі қалпына келу үстінде. Содан бері кортқа шықпаған испаниялық теннисші емделуді жалғастыруда.

Р.Надаль Франция ашық чемпионатында 14 рет жеңімпаз атанды. Өткен жылы да үздік шыққан болатын. Биыл чемпиондық атағынан және 2 мың рейтингілік ұпайынан айырылады. Оның қоржынында тек 445 ұпай қалмақшы. Сөйтіп 2003 жылдан бері алғаш рет АТР рейтингісінің үздік жүздігінен шығып қалып, шамамен 130-орынға сырғиды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;