русский язык
Футзал

Кака «Қайраттағы» жұмысын қорытындылады

Кака «Қайраттағы» жұмысын қорытындылады

Бразилиялық бапкер Пауло Рикардо Кака «Қайрат» АФК бас бапкері ретіндегі бес жылдық жұмысын қорытындылады, деп жазады Prosports.kz.

«Бұл соңғы ойын. Өмірдегі соңғы матч деп айта алмаймын, бірақ «Қайраттағы» осы циклдегі соңғы кездесу екені анық. Сондықтан бұл матчтың маңызы орасан зор. «Қайрат» қатарынан жиырмасыншы рет чемпион атанды, әлемде мұндай жағдай әлі болған емес, бұл тарихты жазуға мен де қатыстым. Барлық эмоция, жеңіс, жеңіліс менің өмірім. Бұған дайын болуым керек, осының бәрін бастан өткізген соң тәжірибе жинаймын, кез келген жаттықтырушыға мұндай сәттер қажет», - деді 46 жастағы маман плей-офф финалының төртінші матчынан кейін.

Айта кетейік, алматылық команда финалдық серияда үшінші жеңіске жетіп, ел чемпионатын қатарынан жиырма рет жеңіп алды. Биыл финалда «Аятты» жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;