русский язык
Бокс

Ұлттық құраманың бас бапкері 2024 жылы өтетін Олимпиадағы боксшыларды іріктеу туралы айтты

Ұлттық құраманың бас бапкері 2024 жылы өтетін Олимпиадағы боксшыларды іріктеу туралы айтты

Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов 2024 жылы өтетін Олимпиадада қай боксшының өнер көрсететінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Qazaqstan телеарнасының эфирінде бапкерден құрамадағы қай боксшының Олимпиадаға баратынын сұраған.

"Әзірге асығудың керегі жоқ. Бұған әлі уақыт бар. Дұрыс шешім қабылданатын болады. Бірінші кезекте салмақ қуу оңай емес, басқа салмақ дәрежесіне ауысу да қиын. Сондықтан ринг пен уақыт көрсетеді", – деді Мырзағали Айтжанов.

Айта кетейік, Махмұд Сабырхан мен Санжар Тәшкенбай 54 және 48 келі салмақта жұдырықтасады. Алайда Олимпиада ойындарында бұл салмақтар жоқ. Сондықтан боксшылар 51 келі салмақ дәрежесіне ауысуға тура келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;