русский язык
Бокс

Әлем чемпионы атанған Махмұд Сабырхан финалдық жекпе-жектен соң ағынан жарылды

Әлем чемпионы атанған Махмұд Сабырхан финалдық жекпе-жектен соң ағынан жарылды

Бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Махмұд Сабырхан финалдық кездесуі туралы пікір білдірді.

- Қазақ елі, Аллаға шүкір, өте қуаныштымын. Қолдау көрсетіп, жанкүйер болғандарыңызға көп рақмет. Алла разы болсын бәріңізге. Бұл жерде мен ғана жеңіске жеткен жоқпын, баршамыз ұттық.

Қазақ еліне, құрамамызға, бап бапкеріміз Мырзағали Айтжановқа, жеке бапкерім Ілияс Оралбековке, Марат ағайға осы жарысқа дайындағаны үшін алғысымды білдіремін.

Сонымен қатар осында отырған жанкүйерлерге ерекше рақмет. Сезімді айтып жеткізе алмаймын. Өте қуаныштымын, - деп ағынан жарылды отандық боксшы.

Түпнұсқасы: kaz.nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;