русский язык
Әлем футболы

Чемпиондар лигасының финалы Ыстамбұлдан ауыстырыла ма? УЕФА жауап берді

Чемпиондар лигасының финалы Ыстамбұлдан ауыстырыла ма? УЕФА жауап берді

УЕФА Чемпиондар лигасының финалын Ыстамбұлдан ауыстырмайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұмада Daily Mail газеті Чемпиондар лигасының финалы Ыстамбұлдан Лиссабонға ауыстырылуы мүмкін екенін хабарлаған. Себебі ұйым Түркияда сайлауға байланысты тәртіпсіздік болуы мүмкін деп қорқып отырғанын жазған еді.

«Чемпиондар лигасының финалы жоспарланғандай 10 маусымда Ыстамбұлда өтеді. Бұл мәселеге байланысты басқа айтарымыз жоқ», – деді УЕФА өкілдері.

Осылайша, финал 10 маусымда Ататүрк атындағы Олимпиадалық стадионда болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;