Team Liquid ұжымы BLAST.tv Paris Major 2023 турнирінің Legends кезеңіне шықты
![Team Liquid ұжымы BLAST.tv Paris Major 2023 турнирінің Legends кезеңіне шықты](https://prosports.kz/upload/news/content//202305/472_f1184430ab39573b81136dbe53f4cdc2.jpg?v=28665020)
Солтүстікамерикалық Team Liquid ұжымы BLAST.tv Paris Major 2023 турнирінің Challengers кезеңінде Grayhound Gaming командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч 2:0 (Anubis-та 16:9 және Inferno-да 16:9) есебімен аяқталды. Марэк YEKINDAR Галинскистің командасы Legends кезеңіне шықты.
BLAST.tv Paris Major 2023 турнирі 8-21 мамыр арасында Францияда өтіп жатыр. Турнирдің жүлдеқоры - $1,25 млн.