русский язык
Бокс

Филиппиндік боксшы жекпе-жекте жеңіске жетіп, көп ұзамай қайтыс болды

Филиппиндік боксшы жекпе-жекте жеңіске жетіп, көп ұзамай қайтыс болды

Филиппиндік боксшы Кеннет Эгано 6 мамырда отандасы Джейсон Факуларинге қарсы жекпе-жектен кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі The Sun басылымына сілтеме жасап.

Кездесу Имус қаласында өтіп, 22 жастағы Эгано төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Кешті танымал боксшы Мэнни Пакьяоның компаниясы ұйымдастырған.

Эгано кездесу нәтижесін жариялар кезінде өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер өмірін сақтап қала алмады. Төреші Эгано жеңгенін боксшының өзі ауруханаға кетіп бара жатқанда хабарлаған.

Кейін боксшының миына қан құйылғаны анықталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;