русский язык
Бокс

Сауль Альварес қазақстандық боксшыға қолдау көрсетті

Сауль Альварес қазақстандық боксшыға қолдау көрсетті

Екінші орта салмақта абсолют әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбетке қолдау көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біздің боксшыларымыз бірнеше ай бойы АҚШ-та абсолютті чемпион, әлемдік жұлдыз Сауль (Канело) Алварестің жаттығу залында дайындалғаны баршаңызға белгілі. Осы жаттығулар арасында Канело жігіттерімізге өз тәжірибесімен бөлісіп, бокста қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді, қимыл-қозғалыстарды үйреткен болатын. Бұдан бөлек, Бек Нұрмағанбет пен Әбілхан Аманқұл сынды боксшыларымыз Канело мен Райдер арасындағы жекпе-жектің кардында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

Осы бокс кешінде Канело өз жекпе-жегін аяқтағаннан кейін Бек Нұрмағанбетке келіп, ақыл-кеңестерін айтып, «Go hard» (бар күшіңді сал) деп өз қолдауын көрсетті. Нәтижесінде батырымыз қарсыласын нокаутпен жеңіп, мексикалық жанкүйерлердің арасында үлкен танымалдылыққа ие болды. Венесуэлалық Аргенис Эспанаға қарсы өткізген кездесу жергілікті халықтың көңілінен шығып, көптеген жанкүйерлер боксшымен естелік суретке түсті. Осылайша боксшымыз тағы бір белесті бағындырды», - деп жазды «Suleimen Promotions» компаниясының баспасөз қызметі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;