русский язык
Бокс

Қамшыбек Қоңқабаев: Спорт болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді

Қамшыбек Қоңқабаев: Спорт болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді

Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қамшыбек Қоңқабаев жарыс сапынан шығып қалған еді. Өзінің жеңілісі туралы қазақстандық спортшы Instagram парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бізге әрдайым қолдау көрсетіп, тақымдарыңызды қысып нағыз жанкүйер болғандарыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Спорт болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Шаршы алаңға тек жеңіс үшін шайқасуға көтерілеміз. Қандай нәтиже болса да сіздердің қолдауларыңыз біз үшін маңызды.

Бұйырса әлі-ақ сан мәрте көк байрақты желбірететініме сенемін және сол жолда аянбай еңбек етеміз. Жартылай финалға жолдама алған батырларымызға жеңіс тілеймін. Алға Қазақстан!», деп жазды боксшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;