Бокс

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағын қорғағаннан кейін қалай өзгергенін айтты

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағын қорғағаннан кейін қалай өзгергенін айтты

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) The Ring басылымына берген сұхбатында 2022 жылы қарашада Лас-Вегаста өткен чемпиондық титулды қорғаудың қалай өзгергенін айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Шынымды айтсам, соңғы жекпе-жек мені өзгертті. Қазір мен басқа боксшымын. Қазірдің өзінде сезінемін. Біз жаттығу процесін өзгерттік. Қазіргі уақытта мен өте білікті фитнес жаттықтырушылармен жұмыс істеймін. Бұл лагерьде бес спарринг серіктесім болды. Бұрынғы күйімнен басқашамын», – дейді 30 жастағы қазақстандық боксшы.

2022 жылдың қараша айында Жәнібек Лас-Вегаста британдық Дензел Бентлиді (18-2-1, 15 КО) жеңіп, чемпиондық белбеуді алғашқы сәтті қорғады. Қазақстан уақыты бойынша 14 мамыр күні таңертең Жәнібек Әлімханұлы Стоктон қаласында (Калифорния, АҚШ) канадалық Стивен Батлерге (32-3-1, 26 КО) қарсы титулдық жекпе-жек өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0