русский язык
Бокс

Қытай құрамасындағы қазақ боксшысы әлем чемпионатында қарсыласын нокаутпен ұтты

Қытай құрамасындағы қазақ боксшысы әлем чемпионатында қарсыласын нокаутпен ұтты
news-banner7
mobile-news-top

Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қытай құрамасында өнер көрсететін Тоқтарбек Таңатхан ширек финалға шықты.

Қазақ жігіті 80 келіге дейінгі салмақта мысырлық Абдельгаввад Салахпен шеберлік байқасты.

Қытайлық боксшы қарсыласын екінші раундта нокаутпен жеңді.

Бұл – Тоқтарбек Таңатханның осы чемпионаттағы үшінші жекпе-жегі. Осыған дейін ол әуелі армениялық Амбарцум Акопянды ұпай санымен ұтса, содан кейін марокколық Мохамед Ассагирді нокаутпен жеңген еді.

Тоқтарбек жартылай финалға шығу үшін кубалық, екі дүркін олимпиада чемпионы Арлен Лопеспен таласады.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;