русский язык
Теннис

Бублик ATP рейтингінде топ-50 қатарына оралды

Бублик ATP рейтингінде топ-50 қатарына оралды

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) әлемнің үздік ойыншылары рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик алты сатыға көтеріліп, әлемдік рейтингтің топ-50 қатарына оралды. Тимофей Скатов бұрынғы орнында қалды, Михаил Кукушкин мен Григорий Ломакин орындарын жақсартты, ал Денис Евсеев, Бейбіт Жуқаев пен Дмитрий Попко бұрынғы орындарын сақтап қала алмады.

Жұптық рейтингте Андрей Голубев пен Александр Недовесов үш және төрт сатыға төмендеп, 63 және 69-орындарға жайғасты.

ATP рейтингі. 8 мамырдағы орындар
1 (0). Новак Джокович (Сербия) – 6775
2 (0). Карлос Алькарас (Испания) – 6770
3 (0). Даниил Медведев (Ресей) – 5330
4 (0). Каспер Рууд (Норвегия) – 5165
5. (0). Стефанос Циципас (Грекия) – 5015
6 (0). Андрей Рублев (Ресей) – 4190
7 (0). Хольгер Руне (Норвегия) – 3865
8 (0). Яник Синнер (Италия) – 3525
9 (+1). Тэйлор Фритц (АҚШ) – 3380
10 (-1). Феликс Оже-Альяссим (Канада) – 3235
49 (+6). Александр Бублик (Қазақстан) – 880
144 (0). Тимофей Скатов (Қазақстан) – 412
293 (+2). Михаил Кукушкин (Қазақстан) – 176
296 (-15). Денис Евсеев (Қазақстан) – 176
316 (-3). Бейбіт Жукаев (Қазақстан) – 160
419 (-12). Дмитрий Попко (Қазақстан) – 106
925 (+10). Григорий Ломакин (Қазақстан) – 15

Фото atptour.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;