Астанадағы халықаралық турнирде Беларусь хоккейшілері Ресейді жеңді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызАстанада өтіп жатқан халықаралық «Qazaqstan Hockey Open 2023» турнирінде Беларусь құрамасы Ресейден басым түсті.
Кездесу барысында Беларусь хоккейшілері Ресейді 6:4 есебімен тізе бүктірді.
Беларусь сапынан Никита Пышкайло 2, Тимофей Ковгореня 25, 48, 57, Сергей Сапего 33, Егор Игнатенко 52, Сергей Заягин 55-минутта мергендік танытты.
Ал, Ресей сапынан Валентин Зыков 12, Андрей Чивилев 27, Марат Хайруллин 46, 53-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Осылайша, Беларусь құрамасы қарсыласынан 7:4 есебімен басым түсті. Енді олар 7 мамырда Қазақстанмен кездеседі.