Ангелина Лукас жанкүйерлеріне қазақ тілінде үн қатты
![Ангелина Лукас жанкүйерлеріне қазақ тілінде үн қатты](https://prosports.kz/upload/news/content//202305/472_c2839bbd4ab926510e492c08ee23386a.jpg?v=28702704)
Жеңіл салмақта WBC International титулының иегері қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (4-0, 2 КО) жанкүйерлеріне қазақ тілінде үн қатты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мен сіздерді жақсы көремін құрметті жазылушыларым, қолдауларыңыз бен сүйіспеншіліктеріңізге рахмет, Отанымыздың даңқын әрқашан асқақтата беруге уәде беремін», - деді тараздық спортгы.
Ангелина Лукас 30 сәуірде Ыстамбұлда мексикалық Ана Аррасоланы (28-17-3, 14 КО) төрешілер шешімімен жеңіп, жеңіл салмақта International белбеуін иеленген.
Фото instagram.com/angelina_lukas1997