Футбол

Еурокомиссия футболды заңсыз ретрансляция жасайтындармен күресті күшейтпек

Еурокомиссия футболды заңсыз ретрансляция жасайтындармен күресті күшейтпек

Брюссель концерттер мен жарыстар көрсетілімін пираттық жолмен тарататындарды қалай тоқтату керектігі туралы ұсыныс-кеңестерін жариялады. Ал, хабар таратушылар тікелей эфирді бақылауды қатаңдатуды талап етіп отыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Футбол матчын заңсыз сілтеме арқылы компьютерден көру қиындайды. Еурокомиссия концерттер мен жарыстардан тікелей трансляция жасайтындардың жолын кесуге алғашқы қадам жасады. Брюссель заңсыз арналарды қарқынды бұғаттау жүйесін енгізуді ұсынды.

Еурокомиссия өкілі Йоханнес Барке жүйені спорттық және мәдени іс-шара ұйымдастырушылары басқаратынын айтты.

«Бұл – өте маңызды тақырып, себебі құқық иелері шығынға батып жатыр. Бұл салада құқық бұзуды жедел тоқтатып отыру керек, себебі құндылық – тікелей эфирде, ал стриминг біткен кезде қызығушылық төмендейді, тіпті жойылып кетеді деуге болады. Мұндай ерекшелік анық байқалып келе жатыр, сол себепті біз ұсынысымызды жарияладық», - деп атап өтті Йоханнес Барке.

Бірақ трансляцияны жүргізетін көптеген компания үшін мұндай ұсыныс жеткіліксіз, себебі оның орындалуы міндетті емес. Өздерін «Жанды эфирдегі контент коалициясы» деп атайтын хабар тарату тобы Еурокомиссияға хат жазып, бұл ұсынысты толықтыратын нақты шара қабылдауды талап етті.

«Біз ұсыныс онлайн-делдалдарды шектеп, заңсыз контент туралы хабарламаға дереу әрекет етуге мәжбүрлейтініне сенбейміз», - делінген хатта.

Бірақ, тікелей көрсетілім жүргізетін көптеген компания үшін бұл ұсыныс жеткіліксіз, себебі оның орындалуы міндеттелмейді. «Тікелей эфирдегі контент коалициясы» Еурокомиссияға хат жазып, осы ұсынысты толықтыратын нақты шаралар қабылдауда талап еткен.

Ал, Еуропарламенттегі Пираттық партияның кейбір депутаттары заңсыз трансляцияны қысқартудың ең жақсы тәсілі – спорттық іс-шараларды қарауға «барлығына заңды мүмкіндік» беру деп есептейді.

Еурокомиссия өз ұсынысының нәтижесін 2025 жылы зертделейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0