русский язык
Бокс

Иван Дычконың келесі жекпе-жегі қашан, қайда өтетіні белгілі болды

Иван Дычконың келесі жекпе-жегі қашан, қайда өтетіні белгілі болды

Ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Иван Дычконың (12-0, 11 КО) кәсіпқой рингтегі келесі жекпе-жегі өтетін күн мен орны анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Boxrec.com порталының мәліметінше, Рудный қаласының 32 жастағы тумасы 9 маусымда Аргентина астанасы Буэнос-Айресте жекпе-жек өткізеді, ол жергілікті боксшы Ариэль Эстебан Бракамонтемен (11-10, 6 КО) жұдырықтасады.

Иван Дычко бұған дейінгі кездесуін де Буэнос-Айресте өткізді. Былтыр 23 маусымда ол Аргентинаның тағы бір өкілі Кевин Николас Эспиндоланы (7-7, 2 КО) жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;