русский язык
ММА

Фируза Шарипова ММА-дағы үшінші жекпе-жегінен кейін даулы мәлімдеме жасады

Фируза Шарипова ММА-дағы үшінші жекпе-жегінен кейін даулы мәлімдеме жасады

Бокстан IBA және WBU әлем чемпионы Фируза Шарипова OCTAGON лигасының басшылығына шағымданған видеоүндеу жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Танымал спортшы өзінің Instagram парақшасында Eurasian Fighting Promotion компаниясының президенті Нұраддин Садықовты өзіне және оның қарсыласына жақында OCTAGON 44 турнирінде өткізген жекпе-жегі үшін қаламақы төлеуге шақырады.

Еске салайық, 29 сәуірде Алматыда өткен аралас жекпе-жек кеші аясында Шәріпова ресейлік Илона Бондаренкомен жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жеткен болатын. Бұл қазақстандық спортшы үшін ММА ережесі бойынша қатарынан үшінші жетістік болды.

Айта кетейіе, Фируза Шарипова 29 сәуірде Алматыда ресейлік Илона Бондаренкоға қарсы жекпе-жек өткізіп, бірінші раундта жеңіске жетті.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агеннтігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;