русский язык

«Қайрат» бапкері команданың ел кубогындағы мүмкіндігі жайлы айтты

«Қайрат» бапкері команданың ел кубогындағы мүмкіндігі жайлы айтты

«Қайрат» бас бапкері Кирилл Кекер Қазақстан кубогының 1/8 финалындағы «Ақжайыққа» (0:0) қарсы қарымта ойынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Айтатын көп нәрсе жоқ. Бүгінгі матчқа екі мақсат қойдық. Біріншісі, келесі кезеңге өту, екіншісі, ешкім жарақат алмас үшін мынадай алаңда ойыншылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Негізінде біз екеуін де орындадық.

– Қайраттың бұл турнирдегі мүмкіндігін қалай бағалайсыз?

– Қазір «Атырауға» түстік. Мүмкіндік әрқашан 50/50 болады. «Атырау» да біз сияқты жеңіске жеткісі келеді деп ойлаймын. Кубок ойындары әрқашан тартысқа толы өтеді. Мықты команда әрқашан келесі кезеңге өтеді деген сөз емес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;