русский язык

Қазақстан кубогының ширек финалына шыққан барлық команда анықталды

Қазақстан кубогының ширек финалына шыққан барлық команда анықталды

Футболдан Қазақстан кубогы ширек финалына шыққан барлық команда анықталды.

Қазақстан кубогы 1/8 финалы қарымта кездесуінде соңғы ойын «Қайсар» (Қызылорда) мен «Астана» арасында өтті.

Қос команда арасындағы алғашқы ойында елордалық клуб 5:1 есебімен басым түскен еді.

Бүгінгі кездесу тағдырын «Астана» сапынан Абат Айымбетов, Марин Томасов 93-минутта соққан екі гол гол шешті.

Осылайша «Астана» сырт алаңда қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, ширек финалға шықты.

Айта кетсек, «Шахтер», «Қызылжар», «Атырау», «Ордабасы», «Тобыл», «Тұран», «Қайрат» командалары ширек финалға жолдама алған еді.

Енді ширек финал 17 мамыр мен 7 маусым күндері өткізілсе, 28 маусым мен 8 шілдеде жартылай финал ойналады.

Финал 4 қарашада өтеді деп жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;