русский язык
Бокс

Кособуцкий келесі жекпе-жегі қашан өтетінін жариялады

Кособуцкий келесі жекпе-жегі қашан өтетінін жариялады

Ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (19-0, 18 КО) 1 шілдеде шаршы алаңға шығатынын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

34 жастағы отандасымыз 14 жекпе-жек өткізіп, бәрінде нокаутпен жеңіске жеткен 23 жастағы америкалық Джаред Андерсонмен кездеседі.

Жекпе-жек Андерсон туып өскен Огайо штатының Толедо қаласында өтеді.

34 жастағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий де кәсіпқой рингте жеңіліп көрген жоқ, WBC рейтингінде сегізінші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;