русский язык
Бокс

Қазақстандық экс-чемпионның қарсыласы анықталды

Қазақстандық экс-чемпионның қарсыласы анықталды

Жартылай орта салмақтағы IBF нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы, қазақстандық Сергей Липинец (17-2-1, 13КО) келесі жекпе-жегін доминикандық Элвис Родригеске (14-1-1, 12КО) қарсы өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Boxingscene.com мәліметінше, екі тарап та жекпе-жек өткізуге келіскен. Кездесудің күні мен орнын таңдау ғана қалды. Жекпе-жек бірінші жартылай орта салмақ (63 келіге дейін) дәрежесінде өтеді деп.

Еске салайық, Липинец былтыр тамызда жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион Омар Фигероаны мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін рингке шықпаған.

Сергей кәсіпқой рингте 17 жеңіске жетіп, екі жеңіліп және бір рет түскен болатын. Элвис Родригестің еншісінде 14 жеңіс, бір жеңіліс және бір тең нәтиже бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;