русский язык
Әлем футболы

«Милан» Златан Ибрагимовичті алмастыратын шабуылшыны тапты

«Милан» Златан Ибрагимовичті алмастыратын шабуылшыны тапты

«Вест Хэм» шабуылшысы Джанлука Скамакка Италия чемпионатына оралуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Спорт-Экспресс сайтына сілтеме жасап.

Todofichajes ақпараты бойынша, «Милан» 24 жастағы футболшыны қатарына қосқысы келеді. Миландықтардың басшылары ол 41 жастағы Златан Ибрагимовичтің орнын басады деп санайды.

Футболшы 2022 жылдың жазынан бері «Вест Хэмде» ойнайды. Оның трансферлік құны — 27 миллион еуро.

Джанлука АПЛ-дің осы маусымында 16 матч өткізіп, 3 гол соқты.

Фото: lanjuttidur.blogspot.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;