«Канеломен» бір кеште өнер көрсететін қазақстандық боксшының қарсыласы ауысты
![«Канеломен» бір кеште өнер көрсететін қазақстандық боксшының қарсыласы ауысты](https://prosports.kz/upload/news/content//202304/203991_14ddf0ca8581dbc578732ca1a368e593.jpg?v=28662872)
Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл (3-0, 3 КО) 6 мамырда Гвадалахарада (Мексика) өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді, кештің басты жекпе-жегінде «Канело» мен британиялық Джон Райдер кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Аманқұл мексикалық Фабиан Риос Фраустомен (7-6-3, 4 КО) жұдырықтасады. Бұған дейін оның қарсыласы тағы бір мексикалық боксшы Хесус Паломарес болатыны хабарланған болатын.
Айта кетейік, бұл кеште тағы бір қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (9-0, 7 КО) те өнер көрсетеді, оның қарсыласы Аргенис Эспанья (15-1, 14 КО) болады.