русский язык

Ғафуржан Сүйімбаев: Исламханның жарақат алуы ойынға өз әсерін тигізді

Ғафуржан Сүйімбаев: Исламханның жарақат алуы ойынға өз әсерін тигізді

«Ордабасы» қорғаушысы Ғафуржан Сүйімбаев Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының 7-туры аясында «Қайратқа» қарсы өткен матч туралы пікірін білдірді.

- Матч бастала салысымен Исламханның жарақат алуы ойынға өз әсерін тигізді. Бірінші таймда шабуыл шебінде көп мүмкіндігімізді пайдалана алмай, қауіпті сәттер жасай алмадық. Өйткені шабуылды көбінде Бауыржан арқылы бастайтын едік.

Екінші таймның алғашқы 20-25 минутын жақсы өткізіп, өзіміздің ойын өрнегімізді көрсете білдік. Есепте алға шыққан соң үшінші голды соғып, жеңіс нүктесін қоюға мүмкіндік болған еді. Алайда біз өз мүмкіндігімізді пайдалана алмаған соң, қарсылас команда таразы басын теңестіріп кетті. Әрине, тең нәтиже көңілден шықпайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;