ҚПЛ: 7-тур ойындарының тікелей трансляциясы
![ҚПЛ: 7-тур ойындарының тікелей трансляциясы](https://prosports.kz/upload/news/content//202304/201736_fe1fc0c1482b95d9d2a7710b435bf7ed.jpg?v=28662240)
23 сәуірде Астана, Қостанай, Атырау, Алматы және Қызылорда қалаларында футболдан Қазақстан чемпионатының 7-турының бес кездесуі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгін алғашқы ойын Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады, онда көкшетаулық «Оқжетпес» пен қарағандылық «Шахтер» кездеседі.
Елорда уақытымен 16:00-де қостанайлық «Тобыл» мен «Ақтөбе» матчы басталады.
Дәл осы уақытта «Атырау» ойыншылары павлодарлық «Ақсуды» қабылдайды.
Астана уақытымен 18:00-де Алматыда «Қайрат» пен шымкенттік «Ордабасы» кездеседі.
7-тур ойындары Қызылордада «Қайсар» - «Астана» матчымен аяқталады. Бұл кездесу елорда уақытымен 20:00-де басталады.
«Қайрат» – «Ордабасы» және «Қайсар» – «Астана» матчын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.