русский язык
Хоккей

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан жасөспірімдер құрамасы анықталды

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан жасөспірімдер құрамасы анықталды

Францияның Анже қаласында жасөспірімдер арасында өтетін 1А дивизионында әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық хоккейшілер белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Топ-дивизионға берілетін жалғыз жолдамаға қазақстандық хоккейшілер Франция, Жапония, Дания, Венгрия және Украинамен сарапқа салады.

Ел құрамасының бапкерлері әлем чемпионатына қатысатын 23 хоккейшіні нақтылады. Олардың қатарында 3 қақпашы мен 20 ойыншы бар.

Ел құрамасының капитаны міндетін Семен Симонов атқарады. Оған Асанали Русланұлы мен Глеб Решетько көмекшілік жасайды.

Қақпашылар: Владимир Истомин, Владимир Никитин (екеуі де – «Барыс», Астана), Руслан Кәкенов («Ястребы», Орал)

Қорғаушылар: Роман Большедворский, Аслан Жүсіпбеков, Глеб Решетько, Даниал Шақшақбаев (барлығы - «Барыс»), Александр Ким («Эссет», Финляндия) Бейбарыс Оразов («Астана») Рахат Оспанов (Онтарио хоккей академиясы, Канада)

Шабуылшылар: Арыстан Әмірханов, Артур Гросс, Кирилл Канкин, Владимир Корчагин, Егор Левковец, Денис Леута, Кирилл Ляпунов, Александр Мигунов, Асанәли Русланұлы, Семен Симонов, Никита Ситников (барлығы - «Барыс», Астана) Әділ Бейсембаев («Астана»), Дәулет Нұркенов («Эссет», Финляндия).

Қазақстандық жасөспірімдер құрамасы 23 сәуірде Венгриямен кездессе, 24 сәуірде Жапониямен ойнайды. Ал 26 сәуірде Дания, 27 сәуірде Украина, 29 сәуірде Франциямен шеберлік байқасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;