русский язык
Басқа

Елордалық оқушы шахматтан әлемнің төрт дүркін чемпионын жеңіп кетті

Елордалық оқушы шахматтан әлемнің төрт дүркін чемпионын жеңіп кетті
Астанада 11-сынып оқушысы Қазақстан әйелдер құрамасы мен әлем құрамасы арасындағы матчта әлемнің төрт дүркін чемпионы, қытайлық Хоу Ифаньды жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Меруерт Камалиденова - қаладағы А. Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейінің оқушысы, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Меруерт – шахматтан әйелдер арасында Қазақстанның екі дүркін чемпионы, қыздар арасында бірнеше рет ел чемпионатының жеңімпазы, 20 жасқа дейінгі қыздар арасында өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері және жасөспірім қыздар арасында шахматтан әлем чемпионы, әйелдер арасында халықаралық шахмат шебері.

Ол шахматпен 6 жасынан бастап айналысып келеді. Ең алғашқы ойынын әкесімен ойнап бастаған Меруерттің ынтасы уақыт өте келе арта түскен. Осыны байқаған ата-анасы Меруертті шахмат үйірмесіне береді.

Жерлесіміз 6 жасынан бастап шахматтан қалалық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанды.

Шахматтан тыс жекпе-жек өнері, қоян-қолтық ұрысы және дзюдомен айналысады.

Сыныптастарының айтуынша, Меруерт өте сабырлы, биязы және жан-жақты оқушы.

Үлкен дайындықты қажет ететін спорттың бұл түрімен қатар Меруерт сабағын да үздік оқитын, "Алтын белгіге" үміткер оқушы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;