Шавкат Рахмоновтың қарындасы ресейлік чемпионмен жекпе-жек өткізеді
![Шавкат Рахмоновтың қарындасы ресейлік чемпионмен жекпе-жек өткізеді](https://prosports.kz/upload/news/content//202304/203991_a47daaaca967fae8efc3cbc46068d99b.jpg?v=28667894)
Қазақстандық файтер және әлемдегі ең үздік UFC промоушенінің өкілі Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова NAIZA 51 турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның промоутер чемпионы Валерия Карыгинамен жекпе-жегі ресми жарияланды. Дегенмен ресейлік спортшы қазақстандық файтер қыздың салмақ дәрежесіне көтеріледі, сондықтан ұйымның белбеуі бәске тігілмейді.
Рахмонованың кәсіпқой мансабында 3-1 рекорды бар, төрт жекпе-жегін де NAIZA промоушенінде өткізді. Валерия әйелдер арасында ең бірінші болып лига чемпионы атанды.